19.08.2025, 06:30

«Қонағына қымбат пальто мен шапан сыйлай салды»: Тұрсын Алагөзовтің жомарттығы елді таң қалдырды (ВИДЕО)

Коллаж: SN.kz

"Алиса мен Алмаға екі жұп туфли әкеліп еді, өзі екі сәнді пальтомен қайтты".

Қазақстандық продюсер Баян мен бизнесмен Тұрсын Алагөзовтердің отбасында сәбилерінің туғанына бір жыл толуын атап өтті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ата-ананың өзі қуанышты сәтті көпшілікке көрсетпесе де, мерекеден үзінділер достарының парақшасында жарияланды. Мәселен, сән дизайнері Аида Кауменова Алиса мен Алмаға көйлек, туфли және өзге де сыйлықтар беріліп жатқан видеоны бөлісті. Алайда қонақтар да құр қол қайтқан жоқ. Фэшн-продюсер Саят Досыбаевқа Тұрсын Алагөзов қымбат брендтен пальто мен шапан сыйлаған.

«Қазақы қонақтық деген – үйге сыйлықпен келіп, одан да үлкен сыйлықпен қайту. Бір-біріміздің қуанышымызға ортақтасу – нағыз достық. Саят Досыбаев Алиса мен Алмаға екі жұп туфли әкеліп еді, өзі екі сәнді пальтомен қайтты», – деп жазды Аида Кауменова.

Желі қолданушылары Тұрсын Алагөзовтің жомарттығын ерекше атап өтті:

«Тұрсын шынымен де жомарт адам, ең бастысы – адамдық қасиетін жоғалтпайды, көкірек кермейді. Нағыз азамат», «Жомарттық – рухтың күші. Тұрсын аға, сіздей болғым келеді», «Мен де Баян Алагөзованың үйіне қонаққа барғым келеді», - деп жазды олар.