20.08.2025, 04:30

«Мақтанатын заман емес»: Тойда орысша сөйлеген Мадина Сәдуақасова елден сөз естіді (ВИДЕО)

Коллаж: sn.kz

Видеодан әншінің бір шарада сөз сөйлеп жатқанын байқауға болады.

Желіде әнші Мадина Сәдуақасованың орысша сөйлеген видеосы тарады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Видеодан әншінің бір шарада сөз сөйлеп жатқанын байқауға болады. Ол орыс мектебінде оқығанын айтып, орыс тілінде сөйлей бастаған.

Алайда бұл әрекеті көпшілік арасында әртүрлі пікір тудырды.

"Қоя қойшы Мадина ханым, қазір орыс тілімен мақтанатын заман емес, сізді тыңдап, мен жаман ұялып отырмын", “Неге өзінше орысша сөйлеп тұр?”, “Қазақша сөйлей берсеңші!”, "Қасқа сол орысшаны да қатырып оқымапсың ғой"– деп сын айтқан.