"Қазақтың ағып кеткен жұлдызы, жаның жәннәтта болсын".
Ақын Оразалы Досбосыновтың ұлы TikTok парақшасында марқұм әкесі мен анасының фотосуреттерін бөлісті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Сонымен қатар, Ораз ақынның айтқан қанатты сөздерін жазып, сағынғанын жеткізді.
"Мендегі ақтық сауалдың сүтіп сауар кім?
Қозы мен Баян қауышып жатқан мазардың.
Есігін еркем сенімен бірге қағармын,
Не дейсің, Ажарым?!
------------------------------------------------------
Саған деген көңілім ақ, арам емеспін.
Сен бірақ та мен үшін адам емессің,
Сен - Періштесің!!!
------------------------------------------------------
Әке болғанға мақтанба, бірінші адам бол. Әке дегізген жарыңды құрметте", - деп марқұм ақынның жазып кеткендерін ұлы бөлісті.
Желі қолданушылары Оразалы мен Ажар туралы жылы пікір білдірді.
"Қазақтың ағып кеткен жұлдызы, жаның жәннәтта болсын", "Әр сөзі атқан оқ еді мақұмның", "Мұндай ақын қайта туылмайтын шығар", "Қоғамға керек адам еді", "Сөздің мәйегін теріп айтатын", "Жақсы адамдардың өмірі қысқа болады", деді олар.