02.09.2025, 04:30

«Суреттер сыр шертеді деген осы»: Мақпал Жүнісова естеліктерімен бөлісті (ФОТО)

Фото: @zhunusova.makpal

Өнер иесі қызы Мерейдің оқушы кезіндегі суреттерін жариялап, естелігін бөлісті.

Әнші Мақпал Жүнісова оқырмандарын жаңа оқу жылымен құттықтады, деп жазды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Өнер иесі қызы Мерейдің оқушы кезіндегі суреттерін жариялап, естелігін бөлісті.

“Сонымен, 1 қыркүйекте алғаш мектеп табалдырығын аттаған ұл-қыздарымыз тарыдай боп кіріп, таудай боп шықсын! Мереке құтты болсын! Мерейімнің альбомын қарап, бәрі есіме түсіп отыр. Суреттер сыр шертеді деген  – осы”, – деп жазды әнші.