$ 540.05  629.16  6.65

«Өмірімде бірінші рет»: Жұлдыз Әбдікәрімова биыл балаларының мектепке дайындығына араласпаған

Актриса студенттің анасы атанғанын жазды.

Коллаж: smartnews.kz
Коллаж: smartnews.kz

Әнші Қайрат Нұртас пен актриса Жұлдыз Әбдікәрімованың балалары жаңа оқу жылын бастады. Үлкен қызы Сезім студент атанса, Алау – 11-сыныпқа, Нарұл – 9-сыныпқа, ал кенжесі Хан – 5-сыныпқа көшті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жұлдыз Әбдікәрімова Instagram парақшасында қазір өзі нәрестенің де, мектеп оқушыларының да, тіпті студенттің де анасы екенін жазды. Ортаншы қызы Алау да Instagram Stories-те өз әсерімен бөлісті.

Ол биыл алғаш рет анасынсыз мектепке дайындалғанын айтты:

«Бірінші рет өмірімде мектепке дайындыққа анамсыз бардым. Өзімді жауапты сезіндім, сәл де болса ересектік сезімі келді. Бірақ онсыз үйренбеген екенмін. Дегенмен қызық болды: бәрін өзім таңдап, не алу керек, не алмау керегін шештім. Былайша айтқанда, ересек өмірге кішкентай қадам жасағандай болдым».
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 17
Ұнамайды 6
Күлкілі 2
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары