$ 537.91  628.87  6.6

Түркістанда тойда ән салып тұрған әншіні экс-қайын атасы ұрып құлатты (ВИДЕО)

Желідегі мәліметке сүйенсек, оқыс оқиға 31 тамыз күні Төле би ауданының Зағамбар ауылында болған.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Желіде Түркістан облысында той үстінде ән салып тұрған әншіні бұрынғы қайын атасы ұрып жіберіп құлатқан видеосы тарады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Желідегі мәліметке сүйенсек, оқыс оқиға 31 тамыз күні Төле би ауданының Зағамбар ауылында болған.

«Ол – менің бұрынғы қайын атам. Есімді бір сағаттай жинай алған жоқпын. Жедел жәрдем келіп, алып кетті. Ұрғаннан кейін құлаған соң кеудеммен қатты бір затқа соғылдым.

Үстінен арыз жаздым. Аудандық ішкі істер бөлімі бұл істің қаралуын 1-1,5 айдай күтесіз деп айтты. Бұрынғы келіні болғаным үшін қызғандық дейді», – деп әншінің жазған хаты жарияланды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 5
Күлкілі 1
Ашулы 7

Серіктес жаңалықтары