Бұл туралы ол желідегі парақшасында жазды.
Әнші Тамара Асар қызын туған күнімен құттықтап, ерекше жазба жариялады, - деп хабарлайды Sкifnews.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы ол желідегі парақшасында жазды.
"Алланың берген АЖАРЫ, амандығыңмен бақытыңды қызықтауды жазсын.
Үзілейін деген үмітімді жалғаған,
Мұздайын деген жүрегімді жібіткен, ШҮКІРГҮЛІМ-ау!
Бапасының жүрегі, мамасының тілегі, ағаларыңның артынан ерген өрісі денің сау, бауырың бүтін, өміріңнің еркетайы бол балапаным…", - деді әнші қызының видеосын жүктеп.
Тамара Асардың қызын туған күнімен құттықтап бір топ өнер өкілі жылы лебіздерін арнады. Олардың қатарында Қарақат Әбілдина мен Баян Алагөзова да бар.