$ 537.91  628.87  6.6

«Ешбір смайликті ренжітпейді»: Әнші Сәкен Майғазиевтің жазбасы желіде трендке айналды

Бұған оның жақында лифт ішінде қалып қойғаны жайлы жазбасы себеп болған.

Фото: @saken_maigaziyev
Фото: @saken_maigaziyev

Әлеуметтік желілерде әнші Сәкен Майғазиевке байланысты жаңа тренд тарап жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұған оның жақында лифт ішінде қалып қойғаны жайлы жазбасы себеп болған.

«Лифт тоқтап қалды. Менің алтындарым, бәрі жүгіріп жүр, уайымдап жатыр. „Қазір шығарамыз, ешқайда кетпеңіз“ дейді. Қайда кетейін?» — деп жазды әртіс өз парақшасында.

Майғазиевтің жазбасына тулардан бастап, түрлі белгілерге, тағам, жануарлар мен тұрмыстық заттарға дейін созылған ұзын-сонар эмодзилер қатарласып жүрді. Дәл осы жайт қызу талқылаудың бастауына айналды. Әншінің жазбасынан кейін оқырмандар жүздеген пікір қалдырып, оларды смайликтерге «көміп» тастады. Кейбірі әзілмен:

– «Сәкен аға, шықтыңыз ба?»,
– «Әлде лифтіден тікелей эфир керек шығар»,
– «Сіз әр жазбаға смайликтерді арнайы таңдайсыз ба, әлде дайын тұрғанын көшіріп қоясыз ба?» – деп сауал тастады.

Ал кейбір желі қолданушылары әртістің «ешбір смайликті ренжітпей, бәрін бірдей молынан қолданатынын» айтып, әзілге қосты.

Көп ұзамай бұл жазба желіде кең тараған мемге айналды. Қолданушылар әдейі жазбаларын эмодзилерге «толтырып», жаңа посттар шығара бастады. Ленталарда мынадай жазбалар пайда болды:

– «Мында тіпті нағыз эмодзи шеруі болып жатыр ғой»,
– «Осы смайликтерді ешкім қолданбайды екен, өзімдікі қылып пайдалана салдым. Олар да өздерін керек сезінсін».

Осылайша, әртістің лифт ішінде қалып қойған оқиғасы жергілікті мемге айналды.

Біраз уақыттан кейін Сәкен Майғазиев қайта хабарласып, лифтіден аман-есен шыққанын түсіндірді. Асығыстықпен оны бірден айтуға да ұмытып кеткенін жеткізді.

«Лифтіден аман-есен шыққанымды айтуды ұмытып кетіппін. Барлығыңызға үлкен рақмет! Сіздер ешқашан лифт ішінде қалып қоймаңыздар деп тілеймін», — деп жазды әртіс.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары