14.09.2025, 13:30

«Не деген өнер?»: Салтанат Бақаева жанды дауысты ән шырқап, жұртты таңдай қақтырды (ВИДЕО)

Фото: instagram.com/saltanat_bakayeva

Барлық әнші осылай жанды дауыста ән шырқаса ғой.

Әнші Салтанат Бақаева ешбір өңдеусіз, табиғи дауыста ән салып, тыңдармандарын тәнті етті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оның шынайы орындауына сүйсінген оқырмандар «нағыз талант», «жанды дауыстың күші бөлек» деп жоғары баға берді.

"Салтанат Бақаеваның дауысы да бар әнді дұрыс жеткізіп орындайды", "Нағыз әнші деген осы ғой", "Құлағымның құрышы қанып қалды", деп жазды көпшілік.