"Әр істің басталуы да, аяқталуы да бар".
Соңғы жылдары ел алдына жиі шықпай кеткен танымал әнші, эстрада жұлдызы Сырым Исабаев көпшілікке сұхбат берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Жуырда ол журналист Аман Тасығанның Talk Like жобасында қонақ болып, шығармашылық жолы мен өнердегі қарым-қатынастар жайлы айтты.
«Әр істің басталуы да, аяқталуы да бар. Алғашқы мақсатымыз – халықты қуанту, көңілінен шығу, өзімізді таныту болды. Сол кезде ойымыз бір арнадан табылатын. Қайраттың әні маған ұнайтын, менің әнім оған ұнайтын. Өзіңе жаққан дүние халыққа да өтімді болады. Барлығы жүйелі жүрді. Бірақ уақыт өте келе әркімнің жеке көзқарасы қалыптаса бастады. Ол жалғаса берсе, ұрыс-керіске де ұласуы мүмкін екенін түсіндім. Кейде өз пікірің дұрыс болса да, «сенікі дұрыс» деп мойындауға тура келеді. Бізге қолдау білдірген – Гүлзира әпкеміз, не десе де, соған бағынып жүрдік», – деді ол.
Дегенмен, әлеуметтік желі қолданушылары бұл пікірге әртүрлі көзқарас білдіруде. Бірқатары Гүлзира Айдарбекова Сырым Исабаевты қолдамағанын, тіпті көре алмағанын жазып жатыр.