$ 539.54  637.09  6.52

«Басын бөлек, денесін бөлек жерледік»: Елдос «Колобоктың» анасы ел білмейтін сұмдықтарды баяндады (ВИДЕО)

Жанат ханым сол ауыр күндердің көбін қазір ұмытып қалғанын айтты.

Фото: Instagram/eldos.kolobok
Фото: Instagram/eldos.kolobok

Танымал блогер Елдос «Колобоктың» анасы Жанат ханым «Құпия подкастқа» берген сұхбатында көпшілікке беймәлім ауыр оқиғаны баяндап берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оның айтуынша, балалардың әкесі қаза болған кезде ол қатты қорқып, есеңгіреп қалған.

«Өйткені мен тек үйде отырып, бала бағумен айналысатынмын. Күйеуім ет сататын. Шымкенттен ет таситын. Бір күні оны атып кетті. Не болғанын түсінбей қалдым. Сол күні үйден шығар алдында біраз сөйлесіп, бірге тұрдық», – дейді ол.

Жанат ханымның айтуынша, күйеуін ақша үшін алдап Шымкентке шақырған.

«Сол жақта өлтіріп, өртеп жіберген екен. Күйеуімнің денесін бөлек, басын бөлек жерледік. Басын тексеруге кесіп алып қалған екен. Денеден кейін бірнеше күннен соң әкеліп берді. Өзім апарып, денесінің қасына жерледім», – деп есіне алды ол.

Жанат ханым сондай-ақ сол ауыр күндердің көбін қазір ұмытып қалғанын айтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары