18.09.2025, 02:30

«Джей Лоның өзі бұлай қашқан жоқ қой»: Kalifarniya концерт өткіземін деп масқарасы шықты (ВИДЕО)

Фото: instagram.com/kalifarniya

Тыңдарманын сыйлауды Димаштан үйренсін!

Түркістанда өткен концерттен кейін танымал әнші Фархат Қалиев (Kalifarniya) тыңдармандарынан қашып кеткен сәті видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Кадрдан оның күзетшілердің ортасында жүгіріп, көлікке отырғаны анық көрінеді.

Көпшілік өнер иесінің бұл әрекетіне түрлі пікір қалдырып, сынай жөнелді.

«Кімнен қашып бара жатыр?», «Әлемдік жұлдыздардың өзі бұлай жасамайды», «Тыңдарманын сыйлауды Димаштан үйренсін», – деп сынға алды жұрт.