18.09.2025, 15:20

Иманбек Грэмми сыйлығына екінші рет ұсынылды

Фото: https://www.instagram.com/imanbekmusic

Марапаттау рәсімі 13 қарашада Лас-Вегаста өтеді. 

Грэмми сыйлығының иегері қазақстандық музыкант Иманбек (Иманбек Зейкенов) Латын Грэммиіне ұсынылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әнші Тайчу Элла қатысқан қазақстандық диджейдің "Quiere Techno" композициясы "Ең үздік латын электронды музыкалық орындау" номинациясына шорт-трекке енді. 

Марапаттау рәсімі 13 қарашада Лас-Вегаста өтеді. 

Еске салайық, 2021 жылы қазақстандық музыкант Imanbek Грэмми сыйлығын жеңіп алған еді. Америкалық орындаушы SAINt JHN-дің "Roses" әнініне жазған ремиксі жүлдеге ие болды. 

"Достар, мені неге бақытты деп ойлайсыңдар? "Грэмми" біздікі. Музыканттың мансабындағы ең әдемі нәрсе - Grammy-ді жеңу, біз оны жасадық!, – деді ол.