"Жаңа отбасымның жаңа заңдарына көне алмай қойдым".
"Қуаныш пен Қарлығаш" жұбымен танылған әнші Қарлығаш Сұлтанша желіде жазба жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ол күйеуімен алғаш танысқан кездерін есіне алып, ажырасуға дейін барғандарын жасырмады.
"Үйленгеніміздің алғашқы жылдары ғой. Қуаныш екеуіміз де жап-жаспыз. Мен үйдің ерке қызымын, Қуаныш кенже ұлы, қара шаңырақта ата-енеге қарайтын келін мен болдым.
Бір-бірімізді сүйдік десек те, үйленгеннен кейінгі өмір не болатыны екеуіміздің де миымызға кіріп шықпапты. Қол ұстасып кете берсек, бәрі жақсы болады деп ойлаған болуымыз керек, дүркіреп өткен тойдан соң кикілжің бастала бастады. Ыстық-суық басылған соң әр үйде болатын ыдыс аяқтың сылдыры ғой, бірақ біздің үйде қаттырақ шайқала бастады", - деп жазды ол.
Жаңадан қосылған жас отбасы үйленгендеріне үш ай толғанда екі жаққа кеткен.
"Мен ешкімнің сөзін елей қоймайтын ерке қыз болатынмын. Басыма орамал тағылса да ол еркелігімді қоя қоймадым. Көп қырсығам, Қуекем қалауымды орындамаса жиі бұртиям. Ал оным үйдің үлкендеріне жақпайды. Жаңа отбасымның жаңа заңдарына көне алмай қойдым.
Ата-ененің суық көзқарасы, жас келінді қабылдамауы бар, бәрі әсер етіп кетті. Іштей өзімді жалғыз қалғандай сезіндім, қабылдаған шешімім қателеу болды деп басым қатты. Жанымды ауыртып, энергиямды алып тұрған дүниеден ертерек құтылғым келіп кетті. Ешкімнің сөзін де, сөгісін де, сынын да қабылдамадым да бір ақ күнде шешім қабылдадым.
Үйленген соң 3 айдан соң солай Қуанышпен ажырасып кеттік", - деді әнші әлі де әңгімесінің жалғасы барын айтып.
Желі қолданушылары әншінің бұл жазбасына түрлі пікір білдірі, өз басынан кешкендерін баяндады.