47 жастағы америкалық әнші Instagram парақшасында Қазақстанға алғаш рет келгенін және өте қуанышты екенін айтты.
Backstreet Boys тобының мүшесі Александр Джеймс Маклин Қазақстан жайлы алғашқы әсерімен бөлісті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
47 жастағы америкалық әнші Instagram парақшасында Қазақстанға алғаш рет келгенін және өте қуанышты екенін айтты.
— Біз межелі жерге жеттік. 32 жыл ішінде әлемнің барлық түкпірінде болдық деп ойлауыңыз мүмкін. Бірақ бұл біздің Қазақстанға алғашқы сапарымыз және біз мұнда келгенімізге шексіз қуаныштымыз. Елді зерттеп, әртүрлі адамдармен жүздесіп, екі ғажайып концерт өткізуді асыға күтіп жүрміз. Сабырлықпен күткендеріңіз үшін алғыс айтамыз. Біз бұл мүмкіндікті ешқашан жіберіп алмас едік және толқып жүрміз. Өзімізді шынайы бақытты сезінеміз. Бізді құшақ жая қарсы алғандарыңыз үшін рахмет. Кешкі кездесуді асыға күтеміз — бұл ұмытылмас оқиға болмақ, — деді ол жанкүйерлеріне жолдаған хабарламасында.