Әрбір қылығына қарап отыра бергің келеді.
Рандомды биттерге әртүрлі әндер айтып, жастармен бірге видео түсірген Айгүл Иманбаева желіні шулатты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Көпшілік оның көңілді мінезі мен тоқтаусыз энергиясына тәнті болып, “нағыз позитивтің көзі ғой” деп пікір қалдыруда. Кейбіреулер тіпті “Айгүлдің қасында жастардың өзі шаршап қалған сияқты” деп қалжыңдап жазып жатыр.
Көпшілік өнер иесінің қылығына сүйсініп, түрлі пікір қалдырған.
"Қандай керемет!", "Жастардың арасында өзі де жас көрінеді", "Өнердің аты өнер. Сәттілік тілейміз", деп жазды көпшілік.