20.09.2025, 02:30

«Сүйрегеннің қадірін білмеді»: Әйгілі «Қойшы бала» арбаттан бір-ақ шықты (ВИДЕО)

Фото: видеодан скриншот

"Құтырып кетіп еді, жерге түсіпті ғой".

Қойшы бала лақап атымен танылған Айдос Кәден Арбатта ән салып, көпшіліктің назарын тағы да өзіне аударды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Кезінде ауылдағы қарапайым өмірден сахнаға көтерілген талант иесі бұл жолы да көрермендерді бейжай қалдырмады. Продюсерлерін сатып кеткен әнші бала енді өз бетінше тойларға шығып, арбатта ән салып жүрген көрінеді. 

Алайда, әлеуметтік желілерде әншінің көше орындаушысы ретіндегі әрекеті қызу талқыға түсті. Бірі бұл қадамды қарапайымдылық пен шынайылықтың белгісі десе, енді бірі – “сахнадан түсіп, көшеге кетті” деп сынауда. 

"Ай балам-ай, жүре бермедің бе Жігердің қасында", "Сүйреген адамдардың қадіріне жетпей далада қалды", "Құтырып кетіп еді, жерге түсіпті ғой", "Не болды, арбаттан бір-ақ шықтың ба", "Өте жылтыр бала", "Жаманның жетіскені жаман", "Абыройы жоқ бала болдың ғой", - деп жазды жұрт.