$ 542.8  637.84  6.49

«Концертімнің алдында аяқтан шалу шығар»: Тұрсынбек Қабатов көпшілікке шұғыл үндеу жасады

Ешқандай Манхэттен деген жерди білмеймін.

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Threads желісінде шоумен әрі әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың ұсталғаны туралы хабар тараған болатын. Алайда өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында бейнеүндеу жасап, көпшілікке үн қатты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Ассалаумағалейкүм ағайын! Әлеуметтік желілерде мен туралы жалған ақпарат тарап жатыр екен, сенбеңіздер! Интимдік массаж салонында ұсталыпты дей ме? Өзім таңғалып отырмын.Концертімнің алдында аяқтан шалу ма, білмеймін. Кімнің ойына мұндай келгенін. Мен 15 күннен бері Алматыдамын, the voice шарасын жүргіздім, одан қала берді қала күні болды, қазір де бір ауқымды шараның тізгінін ұстағалы жатырмын. Ешқандай Манхэттен деген жерді білмеймін. Барлығы жалған», - деді өнер иесі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 9
Ұнамайды 1
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары