Той басталды.
Қазақ эстардасының "Королі", танымал әнші Мейрамбек Бесбаев былтыр дүние есігін ашқан кенже қызы Айзияның 1 жас туған күнін дүркіретіп өткізді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Мерекеге өнер майталмандары келіп, сәбиге тілектерін айтып, өлең жолдарын арнады.
"Мәке Мархабай той-тойға ұласыын. Айзия балапанның 1 жасы құтты болсын", - деп жазды өнердегі достары Айман Нұразхан.
Ал бүлдіршіннің тұсауын Сәкен Майғазиевтің жары Динара Майғазиева кесті.
Көпшілік сәбиге тілектерін жаудырып, қадамын нық басып кетуін тілеуде.