26.09.2025, 04:30

«Бетіміз ашылып кеткен»: «Келінжан 6»-ға «Қылышбектің» неге түспегені белгілі болды (ВИДЕО)

Коллаж: SN.kz

Бұл туралы ол журналист Аман Тасығанға берген сұхбатында айтты.

Продюсер Гүлнұр Мамасарипова “Келінжан” телехикаясының жаңа маусымында актер Рүстем Жаныамановтың жаңа маусымда не себепті болмағанын түсіндірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы ол журналист Аман Тасығанға берген сұхбатында айтты.

”6 маусым мен көптен бері ойланып, келісім бермеген жағдай болған. Мен былтыр 5-ші маусымды өзім үшін жапқанмын. “Болды, осымен қояйық” деп. Өйткені, өте қиын болды. Сериалды жалғастыру емес, адами тұрғыдан. Адами фактор өте көбейіп кетті. Содан кейін тіпті бір-біріміздің алдымызда бетіміз ашылып кетті. Өзімнің абыройымды да, беделімді де табанға сала бергім келмеді. Олармен келісу де, олармен келесі маусым да болуы да қиындап кетті. Қаражат жағынан да қиындап кетті”, — деді продюсер.