Желі қоданушылары, жарыста Нұржан Төлендиевтің қулығын байқап, түрлі пікір жазды.
Әнші Сәкен Майғазиев пен әзілкеш Нұржан Төлендиев тойда күш сынасып, елді шулатты, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
Видео әеуметтік желіде кеңінен таралып, қызу талқыға түсті.
«Жезде, «отжимания» жасап жарысайық деп шақырып тұр. Мен 50 рет десем, ол 100 рет жасайық дейді. Кеттік онда», - дейді Сәкен Майғазиев.
Сәкен Майғазиев жаттығуды еш қиындықсыз жасап, әлі де күші қайтпағанын байқатты. Елуді еңсерген әртістің шымыр дене бітімі жұртты таңғалдырды.
Желі қоданушылары, жарыста Нұржан Төлендиевтің қулығын байқап, түрлі пікір жазды.
«Осылай жасамаса Тука бола ма?», «Сәкен аға әділ жасап жатыр», «Тукаға сенген Сәкен де ақымақ», «Тука Тукалығын жасады», - деп жазды желі қолданушылары.