$ 548.79  643.02  6.63

«12 жылдан кейін нәсіп етті»: Танымал әнші сүйінші жаңалығын бөлісті (ВИДЕО)

Желі қолданушылары әншіні құттықтап, түрлі пікір жазды. 

Коллаж: sn.kz
Коллаж: sn.kz

"Меломен" тобының әншісі Ролан Қазретов желідегі парақшасында сүйінші жаңалығын бөлісті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ол 12 жылдан кейін сәбилі болғанын жасырмады. 

"Ардақты ағайын, құрметті қазақ елі, сүйінші! 12 жылда Аллахым қыз нәсіп етті! Құдайдың қүдіреті шексіз", деді ол. 

Желі қолданушылары әншіні құттықтап, түрлі пікір жазды. 

"Мә, денем тітіркеніп кетті ғой, Роланға тілекші едім", "Алла ұлық! Бауы берік болып, артынан ерсін!", "Бауы берік болсын! Анасының дені сау болсын", деп жазды олар. 

Пікір қалдырушылардың қатарында танымал өнер жұлдыздары да бар. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 13
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары