Мұны кәсіпкердің келіншегі, продюсер Баян Алагөзова өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
Кадрдан «Алға, Қайрат!» деген жазумен қаз-қатар тізілген көліктердің Hyundai Sonata екені анық байқалады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Еліміздегі бұл көліктердің құны шамамен 15 290 000 теңгеден басталады. Белгілі кәсіпкер Тұрсын Алагөзов «Қайрат» футбол клубы «Реал Мадридті» жеңетін болса, осы темір тұлпарларды әр ойыншыға сыйға тартуға бекініп отыр.
Айта кетейік, ойын 30 қыркүйекте Алматының Орталық стадионында өтеді.
Оның алдында қос команданың ойынын қайдан көруге болатынын хабарладық.