Бүгін Атырауда сот өтті.
Әнші Бейбіт Қорған әуе сапарында әдептен озды. Алматыдан Атырауға ұшқан кезде ол мас күйінде былапыт сөздер айтып, әуе компаниясының талаптарына бағынудан бас тартқан, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Оқиғадан кейін музыкантты полиция қызметкерлеріне тапсырды. Құқық қорғаушылар ұсақ бұзақылық пен полиция талабына бағынбау деректері бойынша хаттама толтырды.
Бүгін Атырауда сот өтті. Әнші екі құқық бұзушылық бойынша кінәлі деп танылып, 196 мың теңге айыппұл арқалады.
Бейбіи Қорғанның бұл қылығы әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр.