30.09.2025, 06:30

«Машина бермесек те сумка берейік»: Ерке Есмахан қазақ футболшыларына қандай сыйлық беретінін айтты

Фото: коллаж Sn.kz

Бұны сіздерге тек мотивация болсын деп айтып жатырмын.

Танымал әнші Ерке Есмахан Алматыға келген «Реал» ойыншыларының бренд сөмкелеріне қатысты ойын білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Түнде қолдарына бір-бір емес, екі-екіден Луи Витон ұстаған жігіттер Алматыға келіп қалыпты. Бренд деген тек қымбат зат емес, мың жылдық тарихы бар дүние. Бұндай заттарға еңбектеніп қол жеткізіп, мақтанышпен ұстап жүрудің өзі статус. Мысалға мына миллионер футболистер сияқты. Мұны сіздерге тек мотивация болсын деп айтып жатырмын. Бұл әңгімем адами, рухани, имани құндылықтарымызға қатысы жоқ. Сөзімді тереңірек түсінсеңіздер. Бренд кимейтін, бриллиант тақпайтын адамға «қарапайым» деп баға бермеңіздер. Керісінше, ақшасы көп, брендке малынып жүретін адамдар тіпті қарапайым не қайырымды болатынына көзіміз жетіп жүр. Әр қазақ бақытты және бай болуға міндетті мен үшін. Ал біздің футболистерімізге үйдегі Раймның брендтерін бере аламын», - деп жазлы ол.