30.09.2025, 01:30

«Менің бақытым»: 55 жастағы Арманжан Байтасов ұлды болды (ВИДЕО)

Фото: видео скриншот

Белгілі қазақстандық кәсіпкер Арманжан Байтасов төртінші рет әке атанды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бизнесмен әлеуметтік желідегі парақшасында сәбиін құшағына алып түскен суретін жариялап:

«Ұлым Диар дүниеге келді, құттықтап қойыңыздар! Менің бақытым», – деп жазды.

Желі қолданушылары кәсіпкерді жаппай құттықтап, жылы тілектерін білдіруде:

«Шын жүректен құттықтаймын! Сіздерге тек қуаныш сыйласын!», «Бұл – кез келген жаста ата-ана болуға болатынының тағы бір дәлелі!», «Ұлдарыңыздың дүниеге келуімен құттықтаймын! Бақытты болсын!» – деген пікірлер қалдырған.

Айта кетейік, Арманжан Байтасов 1970 жылдың 10 қаңтарында дүниеге келген. Жұбайы – Диляра Айдарбекова. Диар – отбасындағы төртінші бала.