Жолдасымен бірге білім алу үшін Түркияның Стамбул қаласына көшіп барған.
Белгілі блогер Фариза Төреәлі көпшілікпен өміріндегі үлкен өзгерісті бөлісті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ол бала күнгі арманын жүзеге асырып, ұстаздық жолға қадам басқанын жария етті. Жолдасымен бірге білім алу үшін Түркияның Стамбул қаласына көшіп барған.
Әлеуметтік желідегі жазбасында Фариза:
«Бала күнгі үлкен арманыма қадам бастырып жатыр Раббым. Ұстаздық жолына бисмиллях деп қадам жасадым», – деп оқырмандарына жеткізді.
Ол бұл қадамды жай ғана мамандық емес, жүрек қалауы деп біледі. Жазбасында Фариза Алланың қалауымен руханиятқа бет бұрғанын, алған білімін тек өзіне емес, қоғамға да пайдаға жаратқысы келетінін атап өтті.
«Жүрегім ілімге шөлдеді, енді арманыма жетудің сәті туды», – деген сөзі желі қолданушыларының жүрегін тебірентті.
Фаризаның бұл бастамасын көпшіліктің кейбірі қуана қабылдаса, енді бірі сынап жатыр. Себебі, блогер осыдан бірнеше жыл бұрын "Америка университетіне грантқа түстім" деп, оны белгісіз себептермен тастап кеткен. Қазақстанға оралып, оны қайтадан жалғастырған жоқ.
"Америкадағы оқуы не болды?", "Сәттілік тілеймін. Хайырлы білім болсын!", "Сіз үшін қуаныштымын", - деп жазды желі қолданушылары.