30.09.2025, 11:20

«50-ге келіп аузын шүртитіп»: Мәдина Сәдуақасова тойда ұрыс шығарып, сынға қалды (ВИДЕО)

Фото: видеодан скрин

Алайда оқиғаның мән-жайы мүлде басқа болып шықты.

Әлеуметтік желіде Мейрамбек Беспаевтың қызының тұсаукесерінде түсірілген видео қызу талқылануда, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Онда әнші Мадина Сәдуақасова “ұрыс шығарғандай” көрінген. Видео кадрларында Мадинаның: “Қате істедіңдер! Призды бере салуларың керек еді. Ну и что, ол кісі шықты ғой?!” деп дауыстап сөйлеп тұрған сәті түсіп қалған.

Алайда оқиғаның мән-жайы мүлде басқа болып шықты. Той барысында ұйымдастырылған лотереяда билет нөмірін шатастыру жағдайы орын алған. Баян Мақсатқызы асаба шақырған нөмірге билеп ортаға шыққанымен, оның билеті сәйкес келмей қалған. Осы сәтте Баян Алагөзова ыңғайсызданып, кері қайтқан.

Осы жағдайды көрген Мадина Сәдуақасова араласып, “Той ғой, ортаға шыққан кісіні құр қол жібермеу керек еді” деген ниетпен пікір білдірген. Бірақ бұл сөздері бейнежазбада “ұрысқан” түрінде таралып кеткен. Негізінде, әншінің әрекеті қонаққа құрмет көрсетуді көздегені белгілі болды. 

"Апымда тұнып тұрған жасандылық", "50-ге келген әйел, аузын шүртитіп не болды сонша", "Осының шаруасы қанша", "Аузы қисайып кетіпті ғой не болған", деп жазды желі қолданушылары.