$ 549.15  643.88  6.71

«Ұрықтарыңды сапалы деңгейге көтеріңдер»: Сәуле Әбілдаханқызы бойдақтарға ақыл айтты

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

Фото: Facebook/ Сәуле Әбілдаханқызы
Фото: Facebook/ Сәуле Әбілдаханқызы

Журналист Сәуле Әбілдаханқызы тұрмыс құрмаған қыздар мен үйленбеген жігіттерге ақыл-кеңесін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

”Бойдақ жігіттер, басы бос қыздар! Үйленбес бұрын, бірінші кезекте «тұқымды» ойлаңдар… Қыздар, сұңғақ бойлы, сымбатты, ірі әрі отбасы, бала-шаға, ұрпақ алдындағы жауапкершілікті сезінетін, түсінетін саналы жігіттерге тұрмысқа шығыңдар… Ал жігіттер, ұзын бойлы, қол-аяғы балғадай, ақылына көркі сай, ер қадірін білетін, ағайын-туыс пен ел қадірін түсінетін қызға үйленіңдер… (мәқәбәт-сәқәбәт деген — түсіну, сыйлау, құрметтеу, бағалау… қу нәпсіге байланған — мәқәбәт емес…) Қазақтың ұрпағын «сұрыпталған тұқымнан өніп шыққандай» тұлғалы ету енді сендердің қолдарыңда… тырысыңдар дегенім ғой… ата-бабаларымыз сияқты физикалық тұрғыдан да, рухани тұрғыдан да ІРІ болуға………
Әрине, адамның айтқаны болмайды, Құдайдың дегені болады…… Ең бастысы, денсаулықтарыңды күтіңдер…. бала жасамас бұрын 2-3 ай бойы ағзаларыңды тазалап, дұрыс тамақтанып, арақ, темекі, горилла-пәриллә деген бәлелерді қойып, ұрықтарыңды сапалы деңгейге көтеріңдер… әйтпесе сендердің жауапсыздықтарыңның зардабын өмір бойы өздерің де, ұрпағың да, ҰЛТ та тартатын болады….. қазір аутизм, дцп т.с.с. небір ауру түрлері көбейіп, кең жайылып жатыр… ойланыңдар….

Сосын ше… Гректерде «Әйелді және сиырды өз ауылыңнан ал» деген нақылы бар екен… Ата-анаң «болмайды» десе, тыңдау керек. Өмір көрген үлкендер бірлеңені біліп айтады… ата-анаң адам таниды… олар екі әулеттің (құда-жекжаттың) бір-бірін түсінетін, сыралғы жердің адамдарын бірден қабылдайды, олар бір-бірімен етене жақын араласып кете алады…. Ата-анаң қабылдамаған, ақ батасын бермеген (берсе де, сенің көңілің үшін көніп, амал жоқ, бата берген болса), ол да қиын… Үлкендердің бір-бірін жақсы түсініп, сыйластықпен қабылдауы — ең жақсы іс….. олардың бас қосқан ұл-қызы да бақытты болады”, — деп жазды журналист.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары