03.10.2025, 11:40

«Жаным» деп жүріп, артынан «малдар» дейді»: Блогер Айнұр Тұрсынбаеваның екіжүзділігін әшкереледі

Фото: instagram.com/aidyn_nury

"1 миллиард теңге қайда кетті?"

Әлеуметтік желіде Ирина Раззах есімімен тіркелген қолданушы танымал блогер Айнұр Тұрсынбаеваға қатысты даулы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оның айтуынша, Тұрсынбаева қайырымдылық мақсатында жиналған қаражаттың жұмсалуына байланысты күмәнді жайттарға араласқан болуы мүмкін.

"Жылап келген адамға 'жаным' деп уәде беріп, бірақ артынан 'малдар', 'қатираштар' деп атағанын естідім. Тіпті бір тренингте 'Айнұр Т Дәулеттің малдары' деп ашуланғаны бар," – дейді ол.

Автордың жазбасында блогерлер арнайы тапсырыспен теріс пікір жаздырып, жаппай шағым жасататыны да айтылады. Оның айтуынша, Дәулет Мұқаев өз аудиториясына Тұрсынбаеваның парақшасына "жаппай шағым жасауды" тапсырған.

Сонымен қатар Razzah Тұрсынбаеваның 1 миллиард теңге көлемінде Золгенсма препаратына ақша жинағанын, алайда науқас балаға укол салынбағанын алға тартады.

"Ол ақшаны мен де жинастым. Кейін баланы Дубайға жіберді, бірақ укол жасалмады. Отчет сұрағанда жақтырмады. Ақыры ол бала укол ала алмады. Қаражаттың тағдыры беймәлім күйде қалды," – дейді ол.

Жазбада жиналған қаражаттың 20 пайызын блогерлер өздеріне қалдырады деген әңгіме болғаны да айтылған.

"Айнұр Тұрсынбаева ақша жинап берген бала қазір қайда? Уколын алды ма, жоқ па – ешкім білмейді," – деп түйіндейді ол.