05.10.2025, 12:30

«Олжаспен ара-қатынасы күшейе түсті»: Дариға Бадықованың күйеуі әйелінің көңілі басқа адамда екенін сезген (ВИДЕО)

Фото: @dariga_badykova

Ол түсініспеушілік тің алдын алу үшін актрисамен бірнеше рет сөйлесіп, ескерткенін айтты.

Танымал актриса Дариға Бадықованың бұрынғы күйеуі Дархан Мұсаев “Уақыт көрсетеді” бағдарламасында жұбайымен арасы суыған сәтті еске алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

“2023 жыл “Хотя бы в киноның” Таиландта түсірілген уақыты. Ол фильмге түсуге, мен жүмыс барысымен шетелге кеттім. Сол кинодан кейін мен бір нәрсені сезе бастадым. Бірақ білдіртпедім. Келіп алып “Ойбай, Олжас керемет адам екен, көмектесейік, емдетейік” деп ерекше құлшыныспен айта бастады. Сөйтіп “Таптым-ау сені” фильмін түсіретін болдық. Түсірілім басталып кетті, оның ара қатынасы күшейе түсті. “Көңілің кетіп қалды ма” деп сұрап едім, “Ойбай, мен қайтемін” деп сендірді. Түсірілімде Олжас менен қашып жүрді”, – дейді Дариға Бадықованың бұрынғы күйеуі.