$ 547.57  642.63  6.68

«Мені о бастан көре алмай, өзін төмен санап қырылатынбыз»: Дариға Бадықова бар шындықты жайып салды

Актриса Дариға Бадықова мен экс-жолдасы Дархан Мұсаевтың отбасылық өмірі, ажырасуы қоғамда қызу талқыланып жатыр.

Коллаж: sn.kz
Коллаж: sn.kz

Актриса Дариға Бадықова мен экс-жолдасы Дархан Мұсаевтың отбасылық өмірі, ажырасуы қоғамда қызу талқыланып жатыр. Дариға Бадықованың бұрынғы күйеуі Дархан Мұсаев “Уақыт көрсетеді” бағдарламасында жұбайымен ажырасуына не себеп болғанын айтып, сұхбат берді. Алайда актриса, әлеуметтік желідегі парақшада өз шындығын айтып, барын жайып салды, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Өтірік бақытты адамның кейпін танытқанмын. Елдің адамымын ғой, деп көп нәрсені ашып айтпағанмын. Бекер жасаған екенмін...Барлық әйел солай деп ойлаймын. Өтірік менің күйеуім болғандай кейіп танытпай-ақ қойсын. Өтірік әңгімелері мені шаршатқан. Еркек басымен «жертва» болып отыр. Мен ажырасып кеткелі біраз болған. Артысып, тартысып, бір үйде жай ғана тұрып жаттық. Толық айтармын бәрін. Киноға жасап отырған қастандығы бұл. Мені қызғансаң да, бағымды, өнерімді тартып ала алмайсың! Бақытты болып өмір сүрмедік. Менің тұншыққан күндерім көп болды. Уылжып отырып ажырасқандай болып отыр. Ажырасудың себебі көп болды. Өтірік өмір сүргенім-ай. Жеке өмірді айтпаймын деуші едім, еркек өзі «жертва» болып отырған соң, мен де айтамын.

Мені о бастан көре алмай, өзін төмен санап қырылатынбыз! Қызғаныштың түбі міне – кино шыққанда жасап отырғаны», - деп жазды актриса

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 7
Ұнамайды 43
Күлкілі 7
Ашулы 5

Серіктес жаңалықтары