$ 547.57  642.63  6.68

Түркістанда азаншы бас имам ай сайын қысым көрсетіп, жамағаттан ақша жинатқызатынын айтты (ВИДЕО)

Мешіт азаншысының сөзінше, бас имам тіптен жұманы жүргізу үшінде ел алдына шықпайтын көрінеді.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Муфтиятқа қарасты мешіттен тағы да шу шықты. Түркістан облысында мешіттің азаншысы бас имамның ай сайын жамағаттан ақша жинауға мәжбүрлейтінін, айтқанын орындамаса боқтап, балағаттауға дейін баратынын жайып салды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Мешіт азаншысының сөзінше, бас имам тіптен жұманы жүргізу үшінде ел алдына шықпайтын көрінеді.

«Түркістан облысы Шардара ауданындағы Қонар ата мешітінің азаншысы болып тіркелген дін қызметкерімін. Аты- жөнім Сартаев Жүніс. Ауданымыздың бас имамы Асанов Марат Рахматоллаұлы мені өзінің қасына шақырып, бір жыл сегіз айдан бері сол жерде істеп жатырмын. Бас имамды әлі көрген емеспін. Имамдық қылуға, жұманың хұтпасына шыққанын көрген жоқсын. Тек жылына екі үш рет уағыз айтты. Бұл кісі мешіттің қасындағы офисте телефон шұқылап жатады», — дейді ол.

Жүніс Сартаевтың айтуынша, бас имам садақаға түскен қаражаттың 30 пайызын мүфтиятқа жіберетінін айтып, коммуналдық қызметке ақшаны ел-жұрттан жинатады екен.

«Мешіттің коммуналдық қызметіне ай сайынғы төлем келген кезде бізге қысым көрсетеді, жамағаттан ақша жинап, содан төлеп тастаңдар дейді. Мен жинап, төлеймін. Сосын жамағат менен сұрайды: «неге жәшікке түскен ақшадан төлемейсіңдер?» деп. Мен оны бас имамнан сұрасам, шәкіттерінің көзінше боқтайды. Бұл жағдайларды Түркістан облысының бас имамына айттым, ол шара қолданбады. Сондықтан мен Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлын сұрайтыным: «садақа жәшікке түскен ақшаның 30 пайызын мүфтиятқа жібереміз» деп сіздерге кір келтіретін имамдар, жастарға қысым көрсететін имамдарға шара қолдануыңызды сұраймын»,- деді имам.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 2
Күлкілі 1
Ашулы 2

Серіктес жаңалықтары