$ 541.63  632.24  6.61

«Сотталып кеткенім артық»: Дариға Бадықованың бұрынғы күйеуі алған бетінен қайтпайтынын айтты

Сөзінше Нұрсейіт Жылқышыбайға берген сұхбатында өтірік жоқ, сұраған адамның бәріне бірдей жауап беріп отырмас үшін актер осындай қадамға барған.

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Актриса Дариға Бадықованың бұрынғы күйеуі Дархан Мұсаев желідегі парақшасында видеоүндеу жолдады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Сөзінше Нұрсейіт Жылқышыбайға берген сұхбатында өтірік жоқ, сұраған адамның бәріне бірдей жауап беріп отырмас үшін актер осындай қадамға барған.

"Маған осы уақытқа дейін қаншама адамнан қоңырау түсті. Әрқайсына жеке-жеке жауап беріп жатпайын деп Нұрсейіт Жылқышыбай бауырыма сұхбат берейін деп шештім. Ал сол уақытқа дейін менің қандай күйде болғанымды өзімнен басқа ешкім білмейді. Мен сол уақыт арасында өзіме өзім қол жұмсауға дейін бардым, көшеге шығудан қалдым. Мен олай әр адамға мазақ болғанымша сотталып кеткенім артық. Менің үстімнен қандай арыз-шағым түсірсе де өз шындығымды айтамын. Шындық детекторына да отыруға дайынмын", - деді ол. 

Айта кетейік, заңгер Айгүл Орынбек журналист Нұрсейіт Жылқышыбай мен Дархан Мұсаевтың үстінен ресми арыз түсіргенін хабарлаған еді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 7
Ұнамайды 2
Күлкілі 1
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары