$ 541.63  632.24  6.61

«Менің ақшаммен екі рет Меккеге барып келді»: Дариға Бадықова экс-күйеуі жайлы сұхбат берді (ВИДЕО)

Коллаж: sn.kz
Коллаж: sn.kz

Танымал актриса Дариға Бадықованың экс-жолдасымен қарым-қатынасы қоғамда қызу талқылатып жатыр. Осы орайда актрисаның журналист Жанар Байсемізге берген сұхбаты жарияланды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бадықованың айтуынша, бұрынғы күйеуі Дархан Мұсаевтың табыс таппай, актрисаның өзінен ақша сұрап отырған.

«Жер үйді салған кезде ақша жоқ. Қақпасы жоқ үйден кіріп-шығуға ұялатынмын. Бұйырғаны болады ғой, Құдай береді дейді. Сөйтсе, «Құдайы мен». Иә, жерді алды, бірақ үйді менің ақшама салдық. Бірақ мен үйді беріп кеттім.

Мен неге осы уақытқа дейін ол кісінің газын, светін төйлеп отырдым?! Театрда жүреді, бірақ маған рөл бермейді деп отырады. Рөл бермесе кетпейсің бе енді, дедім. Қолындағысын лақтырады, қирата салады. «Таптым-ау сені» киносын түсірмей жатып үйден кетіп қалған адаммын. Мен жүріп кеткен, көзіне шөп салып кеткен әйел болсам ол менен көк тиын алмайтын еді. Дүкеннен нан ала сал десең, ақша берсеңші дейді. Нанға ақшасы жоқ. Аузына Алланы алып «жертва» болмай-ақ қойсын. Меккеге жолдама алып берші деп алғызып алды. Меккеге миллион теңге бердім. Менің ақшаммен екі рет Меккеге барып келді», - дейді актриса Дариға Бадықова.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары