$ 540.06  628.25  6.61

«Түсінбейтін шығармын, басқа отбасында тәрбие алған адам»: Толқын Забирова келінге қатысты ойын айтты

Әнші бұл жайында "Бүгін LIVE" бағдарламасына берген сұхбатында баяндады.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, эстрада жұлдызы Толқын Забирова болашақ келініне қандай талаптар қоятынын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Әнші бұл жайында "Бүгін LIVE" бағдарламасына берген сұхбатында баяндады.

"Қандай келін керек маған? Ол қандай болу керек? Ата-ананың тілегі: бір-бірінің тілін тапса, сыйластықпен өмір cүрсе, одан артық маған ешнәрсе керек емес. Ешқандай талап қоймаймын. Ұлымның таңдауын қабылдаймын. Ана еш уақытта кері жүрмеуі керек, әр адамның өзінің сезімі бар. Әр адам жүрегін тыңдауға тиіс. Тәулігіне 24 сағат әңгіме айтсақ та, мен оны түбіне дейін түсінбейтін шығармын. Ол басқа отбасында тәрбие алған адам. Менің балам қабылдады ма, мен үшін ол табу, талқыланбайды", – деді Толқын Забирова.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары