10.10.2025, 16:20

«Жан жарыма рақмет»: Айжұлдыз Адайбекова екінші рет ана атанды (ВИДЕО)

Коллаж: sn.kz

Желі жұлдызы жеке парақшасында сүйінші жаңалықты жариялады. 

Танымал блогер Айжұлдыз Адайбекова екінші сәбиін аман-есен дүниеге әкелді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Желі жұлдызы жеке парақшасында сүйінші жаңалықты жариялады. 

“Біз сені күттік, Бөбегім. Мен тірімін. Бізде бәрі жақсы. Қасымнан табылған жан жарыма рақмет”, – деп жазды блогер. 

Желі қолданушылары блогерлер отбасын жаппай құттықтап жатыр. 

“Бауыр берік болсын”, “Қандай күшті жаңалық”, “Сылдырмақ аға болып жатыр”, “Айжұлдыздың аман-есен жаны қалғанына қуаныштымыз”, “Алла денсаулық берсін”, – деп жазды көпшілік.