12.10.2025, 04:30

«Қажет деп санамадым»: Нұрлан Өнербаев өзінің қателескенін мойындады (ВИДЕО)

Фото: видеодан скрин

Желі қолданушылары Нұрлан Өнербаевтың әдемі дауысы туралы жазып, әншіге қолдау көрсетті. 

Әнші Нұрлан Өнербаев KeshRec бағдарламасына берген сұхбатында өзінің өнердегі кемшілігін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

"Бірде бір әніме клип түсірмеппін. Клипсіз-ақ әндерім халыққа жеткеннен кейін қажет деп санамаппын. Жарнамада клиптің көмегі өте көп. Бұл менің өнердегі кемшілігім болды", - деді әнші. 

Желі қолданушылары Нұрлан Өнербаевтың әдемі дауысы туралы жазып, әншіге қолдау көрсетті. 

"Ағамыздың дауысының өзі неге тұрады", "Нұрлан ағамыз клипсіз-ақ танымал", "Ағамыз қартайыпты", "Жас кезі мен қазіргі кезін көріп жылап қалдым", "Осы кісіні керемет құрметтеймін", "Керемет әнші бала кезімізде тыңдап өстік", деді олар.