12.10.2025, 13:30

«Коттедж атап, қолына үйдің кілтін ұстатты»: Әнші Гауһар Әлімбекова туған күнінде алданып қалған (ВИДЕО)

© Photo : Instagram Гауһар Әлімбекова

Сырттай қарасаң бәрін сол қыз жүргізіп жатқандай.

Қоғам  белсендісі Құрал Сейітхан танымал кісілер арасында талай өтірігімен танылған бір қыздың сұмдық тірліктері туралы жазба жариялады деп жазады Democrat.kz.

"Осындай да болады екен. Осыдан 4-жыл бұрын Гауһар Әлімбекованың 50-жасқа толған туған күнін бір ресторанда дүрілдетіп тойлатып жатырмыз. Біраз әншілер мен әртістер жиналып қалған. Мейрамбек Беспаев та сол жерде.

Сол кеште бір қыз әдемі көйлек киіп алып, ерекше болып көзге түсіп жүрді. Бір жайында отырмайды. Көйлегінің етегін қолымен түріп алып, ары-бері жүгіріп жүр.

Сырттай қарасаң бәрін сол қыз жүргізіп жатқандай. Адамдар ол қыз жайында: Ақтаудан арнайы келіпті, Қаз Мұнай Газда істейді екен, осы кештің басты демеушісі осы қыз екен деп күбірлесіп жатты. Ойпырмай-а деп қоямыз біз.

Бір кезде сол қызға тост кезегі келді ғой. Микрофонды алды да бүткіл елдің алдында: Гауһар Әлімбековаға бір коттедж деп, Гауһардың қолына үйдің кілтін ұстатты.

Бәріміз ду қол шапалақтап қуанып жатырмыз.

Қош! Қызықтың көкесі одан кейін басталды. Қыз: Коттедж әлі толық біткен жоқ, ертең бітеді, арғы күні бітеді деп, күнде ертең, ертең деп Гауһардың үйіне кіріп алды. Сол кеште бұл қыз Абзал Құспанмен де танысқан еді. Көп ұзамай Абзалға қоңырау шалып ақша сұрапты.

Жалпы Гауһардың бірнеше достарынан ақша сұрағаны белгілі болды. Соңында Гауһар Әлімбекова әзер құтылды бұдан. Коттедж де жоқ, тас та жоқ.))

Бұл қыз одан кейін маған хабарласып: Гауһармен мені қайта табыстыр деп жабысты. Гауһар ол кезде бұның қырық өтірігінен әбден шаршап, бұдан жиіркеніп кеткен. Тіпті бұның атын естігісі келмейді. Қысқасы мен де бұны блоктап әзер құтылдым. Ақтау қаласында туып-өстім, есімім Диана деп таныстырған өзін. Онысы рас па, өтірік пе білмедік. Суреттегі сол қыз", - деп жазды қоғам белсендісі.