19.08.2014, 06:19

Қазақстан Лондонда бейбітшілік және келісім орталығын ашады

Сурет: cateringconsulting.ru

Қазақстан халқы Ассамблеясының XXI сессиясының шешімдерін орындау мақсатында 26 тамызда Лондон қаласында Қазақстандық бейбітшілік және келісім орталығының ашылу салтанаты өтеді, деп хабарлайды Skifnews.kz.

ҚХА таратқан баспасөз мәлімдемесіне сәйкес, орталықтың ашылуы этносаралық толеранттық және қоғамдық келісімнің қазақстандық моделін Еуропа елдерінде жылжытуға, мемлекетаралық қарым-қатынастарды нығайтуға, саяси, сауда-экономикалық және білім беру-мәдени ынтымақтастықтың басым секторларында екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуге қосымша серпіліс беруге бағытталған.

«Орталықтың қызметі, сондай-ақ, ғылым мен білім кластерлерін құруға, мәдениет, тіл және білім беру салаларындағы жобаларды іске асыруға бағытталған гранттар бөлуге, британдық бизнесті ғылыми-техникалық және зерттеу жобаларды әзірлеуге және іске асыруға тартуға, Қазақстан мен Ұлыбританияның жетекші жоғарғы оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамдарының өзара тәжірибе алмасуға бағытталатын болады», делінген хабарламада.