14.10.2025, 02:30

«Уақыт өте көндіктім»: Мөлдір Әуелбекова бауыр еті баласы туралы жазба жариялады

Фото: Instagram/moldir.auelbekova

"Тура өзім сияқты, әншіліктен басқасын атасы жоқ".

Әнші Мөлдір Әуелбекова қызы туралы әсерлі жазба қалдырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Ақ қызым “әнші боламын” – дейді. О бастан қарсы болғанмын. Бірақ, уақыт өте келе дауысын естіген сайын, харизмасы мен талантын сезген сайын көнудемін. Себебі, шынменен қабілеті менен 1000 есе артық! Менімен, қалмай жұмысқа барады», – дейді әнші.

Оның айтуынша, бұл жолы ол қызы екеуі @beyne_offical брендімен бірлесіп жаңа топтаманың түсірілімінде бірге жұмыс жасаған.

«Тура өзім сияқты, әншіліктен басқасын атасы жоқ. Әзір дауысын естіртіп, әртістігін көрсетуге дайын емесіп. Көзі көк, өте сұлу қыз! Тіл – көз бар, ерте сияқты. Болашағың жарқын болсын әппагым!» – деп жазды Мөлдір.