"Санат батырдың отбасы осындай".
Танымал әнші Жанар Айжанованың қызы, блогер Айжұлдыз Адайбекова екінші некесінен туған ұлын перзентханадан алып шықты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Айжұлдыз бен жары Сәкен Қағаров ұлдарына Санат деп есім берді. Перзентханадан шығару сәтіне екі жақтың ата-анасы қатысып, қуаныштарымен бөлісті.
«10.10.2025 — Қағаров Санат Сәкенұлы. Welcome to our family», – деп жазды Айжұлдыз әлеуметтік желіде.
Жанар Айжанова да бұл қуанышты көп күткенін жасырмады.
"Санат батырдың отбасы осындай. Көптен күткен Таусоғарды алып шықтық. Шүкір", - деп жазды әнші.