Футболдағы проблемалар туралы айтқаннан кейін осындай қысымға ұшырадық.
Сценарист, продюсер, "Сәке", "Патруль" фильмдерінің продюсері Рүстем Омаров әлеуметтік желідегі парақшасының бұғатталғанын хабарлады. Бұл туралы ол өзі мәлімдеме жасап, жағдайдың футбол тақырыбымен байланысты екенін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Міне, болды! Мені бұғаттады. Мен түсіндім — бұл елде футбол саласындағы жағдайдың өзгермегенін қалайтын адамдардан қауіпті ешкім жоқ екен», — деп жазды ол.
Режиссердің айтуынша, бұған дейін олар лудомания, нашақорлық, жыныстық құлдық, мектептегі буллинг, әкімдіктердегі жемқорлық және алаяқтық сияқты ауыр тақырыптарды қозғағанымен, мұндай көлемдегі шабуылға бірінші рет тап болған.
«Футболдағы проблемалар туралы айтқаннан кейін осындай қысымға ұшырадық. Қаласаңыздар, бұл жағдайды талқыламай-ақ қойыңыздар — ертең "біз сіздерді басқа нәрседен алаңдаттық" деп айтар», — деп жазды ол.
Айта кетейік, жақында режиссер Рүстем Омаровтың отандық футболдың шындығын бейнелейтін "Offside" сериалы жарыққа шықты. Енді медиа маманға қысым көрсетіліп жатыр. Күні кеше YouTube желісіне аталмыш сериалдың 1-бөлімі шыққан еді. Алайда бүгін бұл сериалдың алғашқы бөлімін желіден алып тастады.