$ 536.32  626.9  6.6

«Бұдан артық жетістік жоқ»: Дариға Бадықова дегеніне жеткенін сүйіншіледі

Дариға Бадықованың жаңа фильмі 4 күнде 300 миллион теңге жинады

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Танымал актриса Дариға Бадықова сүйінші хабарымен бөлісті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Актрисаның «Ыстық ұя» фильмі 1 млрд теңге касса жинады.

 «Ыстық ұямыз» млрд жинады.

“Бауырыма көлік сыйладым”, “Бір үйден 10-15 адам келдік”, “Анамды құшақтап жыладым”, “Бауырыммен қауыштым”… Көөөп шынайы, неше-түрлі хаттар толастамай күн сайын келді. 

"Ыстық Ұя" — жай фильм емес. Бұл – сезім. Бұл – сағыныш. Жүректерге жетсінші, жүректер қозғалсыншы деп түсірілген фильм еді… Талай суық жүректі жылытты, талай қатты жүректі жібітті. Бұдан артық жетістік жоқ. Миссия орындалды», - деп жазды ол.

Естеріңізде болса, Дариға Бадықованың жаңа фильмі 4 күнде 300 миллион теңге жинағанын хабарлаған едік. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 42
Ұнамайды 27
Күлкілі 2
Ашулы 3

Серіктес жаңалықтары