Ол желідегі парақшасында өзіне қауіп төніп тұрғанын айтып, елден қашып жүргенін мәлімдеген еді.
Амилай атымен танымал трансгендер өзінің қыр соңынан қалмай жүрген адамның кім екенін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ол желідегі парақшасында өзіне қауіп төніп тұрғанын айтып, елден қашып жүргенін мәлімдеген еді.
"Бұл адаммен мен 2024 жылы қараша айында таныстым! Басында барлық қарым-қатынастағыдай әдемі ертегідей басталды. Гүлдер, сыйлықтар, кездесулер тіпті бірге де тұрдық. Араға бір ай салып кішкене өзгергендей боп көрінді, сөйлесейік десем ұрыс-қырылыс ылғи. Содан кейін телефон тексеру, үйден шығармау, шыққан жерімнен машина жіберу, үйге апару, өзімді кінәлап сен соған жеткіздің деп ұрып-соғып қысым көрсете бастады. Сонда көніп жүрдім. Ұсталған жері - телефонда фотоны ауыстырып үлгермегені. Ажырасқам 2 жыл бұрын, үш балам бар деген адамның 3 баласы, екіқабат әйелі барын білдім. Ешқандай әйелдің басына сондай оңбаған күйеуді бермесін.
Сол үшін де қырылдық, айырылысатын болып шешім қабылдадым! Ол шешіміме келіспей, әйел бала-шағаның жағдайларын ғана жасаймын, сенімен боламын деді. Екі ортада жүргісі келді. Мен де адаммын, қалай балаларының анасын, Құдай қосқан жарыңды алдайсың дегенде алған жауабым шапалақ болды", - деп жазды ол.
Сонымен қатар өзіне көрсетілген қысым тоқтамаса бейтаныс еркектің аты-жөнін жариялайтынын да ескертті.