$ 538.56  625.65  6.62

«Шәмшінің әндерімен қайта туғандай болдым»: Актер Дәурен Серғазин ерекше оқиғасымен бөлісті

Басында бәрімізде қорқыныш болды.

Фото: коллаж Sn.kz
Фото: коллаж Sn.kz

Қазақстандық танымал актер Дәурен Серғазин алғаш рет мюзикл жанрындағы фильмге түсіп, ерекше әсерімен бөлісті, деп хабарлайды skifnews.kz ақпарат порталы.

Актер «Қызық Times» бағдарламасында қонақта болып, жаңа шығармашылық қадамы туралы айтты. Оның сөзінше, «Бақыттың құшағында» атты мюзикл — актер үшін тың тәжірибе болған.

«Басында бәрімізде қорқыныш болды. Себебі режиссердің бұл — алғашқы жобасы еді. Сол себепті аздап сенімсіздік болды. Бірақ мюзикл жанры өзімізге қызық болғандықтан келістік. Түсірілім де ерекше өтті. Шәмші Қалдаяқовтың өмірі менің шығармашылығыммен тікелей байланысты. Бұған дейін басқа кинода Шәмші атамызды сомдасам, бұл мюзиклда оның әндерін орындадым», — деді Дәурен Серғазин.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары