28.10.2025, 06:30

«Сүйкімді күйеуімді ешкіммен бөліспеймін»: Мөлдір Мұқанова қызғаншақ екенін айтты (ВИДЕО)

Фото: видеодан скрин

"Тұрсынбек олай айта алмайды, ондайға көнбейтін адаммын".

Желіде Мөлдір Мұқанованың бірнеше жыл бұрын берген сұхбаты тарады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Сұхбат барысында Мөлдір Мұқанова Тұрсынбекке үй шаруасын істетпейтінін ашық айтады. 

"Ер адамның үй шаруасына араласып, ас бөлмесінде жүргеніне қарсымын. Тіпті қоқыс шығаруға да болмайды. Ер адамды бос жіберіп, тамағын дайындап, үйіңді жылы ұстап, бала-шағаңа қарап, өзіңді кішкене дұрыстап қойып күтіп отырсаң үйдің ішінде береке болса, ол қоқыс шығару керек, нан алу керек деп алаңдап жүрмес жұмысында өседі", - дейді Мөлдір Мұқанова. 

Сонымен қатар ол Қабатовтың екінші әйел алуына қарсы екенін де айтқан. 

"Мен қарсы боламын. Мен дап-дайын, әдемі, сүйкімді күйеуімді ешкіммен бөлісе алмаймын. Кешіріңіздер, жоқ! Мен қызғаншақпын. Тұрсынбек олай айта алмайды, ондайға көнбейтін адаммын", - деді ол.