"Миым да, жүрегім де тоқтап қалғандай".
Танымал айтыскер, коуч Айнұр Тұрсынбаева соңғы уақытта басынан өткізген жағдайды әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Тұрсынбаеваның айтуынша анасы науқастанып қалған.
"Соңғы 3 күн өте ауыр өтті. Миым да, жүрегім де тоқтап қалғандай болып еді, бәрі артта қалған сияқты. Аллаға шүкір! Дәрігерге алғысымыз шексіз! Анамыз бір өлімнен аман қалды! Алла жақындарымызды аман қылсын!", - деп жазды ол.