Бүгін белгілі журналист Нұрсейіт Жылқышыбай өте өзекті мәселені көтерді.
 
                    Танымал спорт журналисі Аслан Қаженов белгілі журналист Жылқышыбай қысым көріп жатқанын айтып дабыл қақты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Танымал спорт журналисі Нұрсейіт Жылқышыбайға араша түсті.
«Қорқытып-үркіту басталды. Бүгін белгілі журналист Нұрсейіт Жылқышыбай өте өзекті мәселені көтерді. “Алматыда 1930 жылы салынған тарихи ипподром біреулердің көз құртына айналыпты. 40 гектардан астам жер қып-қызыл ақша ғой. Соған тарсылдатып тұрғын үй салмақшы. Сонда тарихи нысанның құны көк тиын ба?“ — деді Нұрсейіт.
Артынша, түрлі қоңыраулар шалынып, Нұрсейітті қорқыту-үркіту басталыпты. Кімнің қандай интересі бар екенін білмедім. Бірақ, тарихи нысан сүрілмеу керек. Оның артында үлкен тарих жатыр. Басқа, жағынан стратегиялық нысан саналады. Алматы сияқты сейсмикалық қауіпті аймақтарда ашық алаңдар болуы маңызды. Кезінде ипподромның қалай жекенің қолына өтіп кеткенін де түсінбеймін. Қысқасы, бұл атшабар жергілікті әкімдіктің не спорт министрлігінің баланысына алынып, жан-жақты қорғалуы қажет. Алматыда онсыз бәрі сатылып бітті. Сондықтан, бұл нысаннан қолдарыңды тартыңдар! Ашаршылық жылдардан бері қызмет етіп тұрған ипподромға тиіспеңдер!», — деп жазды ол.