$ 530.15  617.47  6.64

«Қоштасып үлгермеді»: Қазақстандық танымал актердің әкесі өмірден өтті (ВИДЕО)

Фото: instagram.com/gulnurmamasaripova
Фото: instagram.com/gulnurmamasaripova

Танымал кино және театр актері Жасұлан Әйтеннің "Әкеңнің баласы" фильмінде түсу барысында әкесі дүниеден өтті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Келінжан» телесериалының продюсері Гүлнұр Мамасарипова бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

"Достар, мен “ӘКЕҢнің БАЛАСЫ” фильміне, актерлерге, түсірілім барысы жайлы да әңгімелеп отыруды жөн көрдім. Әр адамның артында тағдыр тұрады, сол сияқты әр актердің де кинода өз жолы, өз драмасы бар", - деп жазды ол.

Продюсердің айтуынша ол фильмдегі соңғы сахнасын ойнап жатқанда суық хабар алған. Алайда ешкімге тіс жармай, соңына дейін қайғысын ішіне жұтып, ойнап шыққан. Ешкімге ештеңе білдірмеген. Алайда әкесіне жетіп, қоштасып үлгермепті. 

Қайғылы хабарды естіген қазақстандықтар әлеуметтік желіде актерге көңіл айтып, отбасына сабыр тілеуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары